Женевада Қазақстанның ДСҰ-ға енуі бойынша бірқатар келіссөздері өтті

АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат -  Женевада (Швейцария Конфедерациясы) ақпанның 28-і мен 2-ші наурыз аралығында Қазақстанның ДСҰ-на енуі бойынша келіссөздері өтті.
None
None

Бұл туралы экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Қазақстанның ДСҰ-ға енуі шеңберінде Аргентинамен тауарлар нарығына рұқсат бойынша екіжақты келіссөздер аяқталды. Келіссөздердің нәтижелері бойынша хаттамаға Қазақстан тарапынан ҚР Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі Жанар Айтжанова, ал Аргентина тарапынан - Женевадағы ДСҰ және өзге де халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкіл Альберто Д'Алотто қол қойды.  

Сондай-ақ, Сауд Арабиясы Корольдігімен (САК) тауарлар мен қызметтер нарығына рұқсат бойынша келіссөздер аяқталды. Тиісті хаттама қол қою Эр-Риядта наурыздың ортасына жоспарланып отыр. Сауд Арабиясымен екіжақты келіссөздер барысында Корольдік үшін коммерциялық қызығушылық тудыратын тауарлар импортына кедендік баж салықтарының деңгейлері талқыланды. Негізінен бұлар мұнай химия өнеркәсібі, кондиционерлер, кабелдік-өткізгіш өнімдер, минералдық тыңайтқыштар, осы елдің теңіз және басқа да негізгі экспорт баптары болып табылатын өнімдер. Сауд Арабиясынан қазақстандық нарыққа негізінен техникалық майлар түсіп отырады, ал біздің ел дәстүрлі түрде Корольдікке арпа және құрышты прокатты жолдап отырады.

Сауд Арабиясымен сондай-ақ, шетелдік компаниялардың көліктік және энергетикалық қызметтердің қазақстандық нарыққа қолжетімділігі жағдайлары бойынша келісімдерге қол жеткізілді. 

Келіссөздер барысында қазақстандық делегация ДСҰ бас директоры Паскаль Ламимен кездесті. Осы жүздесу кезінде ол Қазақстанның ДСҰ-ға кіру міндеттерінің басымдығын атап өтті және Хатшылық осы жылдың соңына дейін келіссөздер үдерісін аяқтауға барынша қолдау көрсететінін айтты.

 

Соңғы жаңалықтар