Женевада Қазақстанның өркениеттер диалогын дамыту саласындағы күш-жігерін жоғары бағалады

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының депутаты Икрам Адырбеков Дүниежүзілік шіркеулер кеңесінің Бас хатшысы О.Твейтке, Дүниежүзілік лютеран федерациясының Бас хатшысы М. Юнгеге, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің Бас директоры Қ.Тоқаевқа
None
None

Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы Қайрат Мәмидің Астанада өтетін кезекті IV діни форумға қатысуға жеке шақыруын Женевада табыс етті, деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Христиан ұйымдарының басшыларымен кездесулер барысында И.Адырбеков алдағы Форумның басты тақырыбы мен негізгі пікірсайыс секцияларындағы мәселелер туралы әңгімеледі.

Арнайы уәкілмен жүздесушілер Қазақстанның өркениеттер үнқатысуын дамыту саласындағы күш-жігерін жоғары бағалады және діни лидерлер Съезіне шақыруға ризашылықтарын білдірді.

 БҰҰ Женева бөлімінің басшысы Қ.Тоқаев та шақыруға алғыс айтып, осы халықаралық ұйым тарапынан қазақстандық бастамаға қолдау көрсетуге әзір екенін білдірді.

Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы И.Адырбеков сондай-ақ БҰҰ-ның Ұлттар сарайындағы көпсалалы «Қазақстан» залының таныстырылымына да қатысты.

Соңғы жаңалықтар