23:21, 16 Қараша 2012 | GMT +5
Женевада «Назарбаев орталығы» мен АТОМ Жобасының тұсаукесері өтеді
АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 19 қарашасында Женевада «Назарбаев орталығы» мен АТОМ Жобасының тұсаукесері өтеді. Бұл туралы «Назарбаев орталығының» баспасөз қызметі хабарлады.
«Назарбаев орталығы» қызметін таныстыратын тұсаукесерде ҚР Президенті жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау комиссиясының төрағасы, «Назарбаев орталығы» директоры Қанат Саудабаев сөз сөйлейді деп жоспарланған.
Дәл сол күні АТОМ Жобасы аясында БҰҰ Ұлттар Сарайының Көрме залында «Әлемге сабақ: Қазақстандағы кеңестік ядролық бағдарламаны бөлшектеу тарихы» фотокөрмесі және «Менің сіздерді құшақтайтын жүрегім ғана бар: Кәріпбек Күйіков шығармашылығы» атты сурет көрмесінің ашылу рәсімі өтеді.