Жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындардың негізгі қорының 84 пайызы тозған - Любовь Худова

Бұны ҚР Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығы президенті Любовь Худова бүгін Алматыда өтіп жатқан «Тауарлар өндірісінің инновациялық технологиялары, жеңіл өнеркісіп бұйымдарының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтты.
«Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында министрліктің жанында 2010 жылы Қазақстанның индустриялдық даму институты құрылып, 187 кәсіпорынға талдау жүргізілді. Технологиялық аудит кезінде өнеркәсіп салаларына бөлгенде тозу 48,8 пайызды құрады. Оның ішінде бұл машинажасауда - 56,8 пайыз, металлургияда - 39,5 пайыз, құрылыс индустриясында - 41,2 пайыз, химия өнеркәсібінде - 41,5 пайыз, жеңіл өнеркәсіпте - 84, ауыл шаруашылығы кешенінде - 30 пайызды құрады», - дейді Любовь Николаевна.
Қалалық мәслихат депутатының айтуынша, аудит жүргізілген 187 кәсіпорынның 15 пайызға жуығы ғана өндірісті жаңартуға дайын. Дайындалған менеджменті бар. Ал негізгі құралды жаңарту коэффициенті орта есеппен республикада - 18,6 пайызды құрап отыр.