«Жеңіс алауы» - павлодарлық жасотандықтардың акциясы

ПАВЛОДАР. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлық жасотандықтар Жеңіс күні Мәскеудегі Белгісіз жауынгер мемориалынан «Мәңгілік алаудың» ұшқынын Павлодарға жеткізеді, деп хабарлады ішкі саясат бөлімінің бастығы Айзада Құрманова.
None
None

Мәскеуде жасотандықтарды «Жас гвардия» ұйымының өкілдері қарсы алады, православ шіркеуі «Мәңгілік алаудың» сөнбес ұшқынын тасымалдау үшін арнайы контейнер бөліп отыр, ал «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының басшылығы әуе компаниясымен келіседі.

«Мәңгілік алау» облыстың барлық ауданына жеткізіледі - алауларды ауылдарға арнайы марафонға қатысушылар жеткізетін болады.

Соңғы жаңалықтар