Жеңіс Қасымбек Қытайдың мемлекеттік телекоммуникациялық компаниясының басшысымен кездесті
Министр Жеңіс Қасымбек атап өткендей, біздің елдер бірлескен ірі жобаларды жүзеге асыра бастады. Қытай біз үшін стратегиялық серіктес болып табылады. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан-Қытай инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасы аясында жобаларды жүзеге асыру мәселесінде толық қолдау көрсетуге дайын.
Екіжақты кездесу аясында China Telecom Global Limited пен «Транстелеком» акционерлік қоғамы арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. «ChinaTelecommunicationsCorp. Ltd.» төрағасы Янь Джидің айтуынша, аталмыш келісім қазақстандық тараппен тығыз өзара ынтымақтастық орнатуға және телекоммуникация саласында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қытайдың «ChinaTelecommunicationsCorporation» мемлекеттік телекоммуникациялық компаниясы 2002 жылы құрылған. Бұл компания Қытайда ірі телефон байланысының операторы және ұялы байланыс операторлары арасында үлкендігі жағынан үшінші компания.
Компания 216 миллион абонентке сым телефоны мен мобильді байланыс қызметтерін көрсетеді. 2015 жылғы кірісі 52,7 млрд доллар болды. Компания G2000 рейтінгінде 124 орында тұр.