Жеңіс күні Байқоңырда Еске алу парады өтеді
Жеңіс күнін тойлау мамырдың 8-і күні «Сатурн» киноконцерт залында өтетін салтанатты жиналыста соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетуден басталады. Ал мамырдың 9-ы күнгі шаралар қалалық саябақтағы Жеңіс ескерткішінің жанында митингпен басталады, және бұл жиын қаланың орталық алаңында аяқталатын Еске алу парадымен қорытындыланады. «Байқоңыр» кешені Ішкі істер басқармасының, Ішкі істер министрлігі өкілдігі мен «Байқоңыр» кеденінің, Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің №70 федералдық өрт сөндіру қызметі арнайы басқармасының есептері, «Жауынгерлік бауырластық» ардагерлер ұйымы өкілдігінің мүшелері, «Өрт сөндіру кадеті» мамандандырылған мектебінің оқушылары және «Жеңіс» әскери-спорт ойынының қатысушылары соғыс ардагерлері мен қала тұрғындарының алдынан саппен жүріп өтеді.
Ал кешке мерекелік концерт болады.