Жеңіс күні қарсаңында 16 ақтөбелік ардагер пәтерлердің кілттеріне ие болды

None
None
АҚТӨБЕ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ – Облыс әкімі Елеусін Сағындықов Ұлы Отан соғысының 40 ардагерін салтанатты қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жиналғандар қан майданда қаза тапқандарды бір минөт үнсіз тұрып еске түсірді. Тек Ақтөбе облысының өзінен майданға 122 450 адам шақырылды, олардың ішінде 36 200 жауынгерге ұрыс даласының топырағы бұйырды. Бүгінгі күні облыста 659 соғысқа қатысушы тұрады.«Біздер сіздерге басымызды иеміз, арамызда жоқ майдангерлерді қабырғамыз қайысып еске аламыз. Сіздердің соғыста көрсеткен ерліктеріңіз ? нағыз жауынгерліктің, қаһармандықтың, ерліктің және мұқалмас күш-жігердің куәсі. Сіздер біздер үшін лайықты үлгі бола аласыздар», ? деді Елеусін Сағындықов ардагерлерге арнаған сөзінде. Одан кейін ол ең мұқтаж 16 ардагерге пәтер кілттерін тапсырды, шақырылғандардың барлығы да әкімнен құттықтау ашықхаттарын және бағалы сыйлықтар алды.
Соңғы жаңалықтар
telegram