Жеңіс мерекесі қарсаңында шымкенттік екі ардагер жаңа пәтер алды
«Бұл пәтерлер ардагерлеріміздің меншігіне берілді. Онда қажетті жиһаз бен тұрмыстық техника бар, пәтерлер тек иелерін күтіп тұр», - деді А.Мырзахметов. Әкімнің сөзіне қарағанда, пәтерлер облыс бюджетінен бөлінген қаржы мен жергілікті кәсіпкерлер қаражатына сатып алынған. «Қаланың орталығындағы жақсы пәтерлердің бағасы қымбат, соған қарамастан жеке кәсіпкерлер ардагерлерді үймен қамтамасыз ету туралы әкімдік бастамасын қызу қолдады», - деді әкім.
Бүгінде ОҚО-да ҰОС-ның 1 423 ардагері тұрады. Олардың әрқайсысына Жеңіс мерейтойына орай, облыс бюджетінен 50 мың теңге, тыл ардагерлеріне 5 мың теңгеден бөлінбек. Бүгінгі жаңа қоныстанушылардан басқа 17 ардагерге жаңа пәтерлер мен үйлер берілген еді. Жүзден аса ардагердің үйі тегін жөнделіп, бір жарым мыңнан астам ақсақал шипажайларға тегін жолдама алды», - деді А.Мырзахметов.