Жеңіс мерекесін Ақжайық ауданы тұрғындары ерекше сән-салтанатпен атап өтті

ОРАЛ. 10 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - 9 мамыр күні Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылында «Даңқ» саябағында Ұлы Жеңістің 66 жылдығына орай салтанатты шара өтті.
None
None

ҰОС ардагерлерін, барша халықты аудан әкімі Абай Иманғалиев құттықтады. Соғыс ардагері Хасен Қоспаев, аудан ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғилаж Ұлықпанов, аудандық қорғаныс бөлімінің бастығы Бекен Бердіғалиев Жеңіс мерекесінің аясында барша халыққа баянды бақ, асқақ арман, еселі еңбек тіледі.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен тұспа-тұс келген Жеңіс мерекесінің 66 жылдығы аудан халқының бірлігі мен ынтымағының жарқын айғағына айналды. «Даңқ» саябағындағы ҰОС батырлары мен майданнан оралмаған жерлестердің аяулы есімдері тұсына алқызыл гүл шоқтары қойылды.

Барлық аудандарда осындай шаралар ұйымдастырылып, ат бәйгесі, қазақ күресі сынды ұлттық ойындарға ұласты.

Соңғы жаңалықтар