Жеңіс мерекесіне орай оралдық ардагерлер 50 мың теңгеден алды

ОРАЛ. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Ұлы Жеңістің 68 жылдығына орай Орал қаласында тұратын ардагерлерге жалпы сомасы 31,5 млн. теңгеге біржолғы жәрдемақылар берілді.
None
None

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Оралда тұратын 256 майдангерге 50 мың теңгеден, блокада құрсауында қалған 8 адамға, концлагерьлердің 18 тұтқынына, 596 жауынгер жесіріне 3 мың теңгеден берілді. 5519 тыл ардагері де осындай көлемде көмек алды. Бейбіт кезде қаза тапқан 74 сарбаздың отбасына 5 мың теңгеден үлестірілді.

Соңғы жаңалықтар