Жеңіс мейрамы қарсаңында батысқазақстандық майдангерлер жастармен кездесті

ОРАЛ. 27 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Кеше «Нұр Отан» ХДП-ның облыстық филиалы ғимаратында облыс әкімдігі және «БҚО жастар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлы жеңісті жақындатқандар» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.
None
None

Онда Ұлы Отан соғысының ардагерлері Сағи Алдабергенов, Қосаман Орынбасаров, Иван Гапич, Меңжан Абдрахманов, Хамза Сафин, «Фронтовичка» клубының төрайымы Алевтина Митрохина жастарға өз естеліктерін айтып берді. Соның ішінде И.Гапич өткен жылы Мәскеудегі шеруге қатысса, Қ.Орынбасаров Киевте болып қайтты.

Кеш соңында қаладағы №5 кәсіптік лицейдің «Поиск» әскери-патриоттық клубының мүшелері ардагерлерге алғысхат табыстады.

Осындай шаралар Жеңіс мерекесі қарсаңында тағы да ұйымдастырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар