16:32, 26 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Жер кадастрымен айналысқан мамандар бюджет қаржысын жымқырған
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Қостанай облысында тағы бір қылмыстық істі қозғады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өткен аптада жер кадастры бойынша Қостанай облыстық департаментінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Олар 4 млн теңгеден астам бюджет қаржысын ұрлаған», - деді агенттіктің мемлекеттік қызметтер департаментігің директоры Әділбек Мұқашев бүгін Астанада өткен кеңесте
Оның айтуынша, өткен жылдың сәуір айынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияға қатысты 21 қылмыстық іс қозғады.
Осы істер бойынша 10 адам жауапқа тартылды.