Жер реформасы жөніндегі комиссияның Call-орталықтарына 1800-ден астам қоңырау келіп түсті - ҚР АШМ

«Халық арасында түсіндіру жұмысын кеңінен жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың 14 мамырынан бастап Call-орталық (1434) қызмет етуде. Мұндай байланыс орталығы аймақтарда да құрылды. Бүгінгі күнге дейін келіп түскен қоңыраулардың саны 1800 жетті. Оның ішінде жер телімдерін рәсімдеу, жалға алу, сату, сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 6 мамырында ҚР Президентімен бекітілген жарлығымен нормаларға мораторий жүргізу мәселеріне қатысты қоңыраулар келіп түсуде», - делінген аграрлық ведомствоның хабарламасында.
ҚР АШМ-де еске салып өткендей, бұрынырақ республикалық комиссияның екінші отырысында құқықтық, экономикалық, ақпараттық-түсіндіру және ашықтықты қамтамасыз ету бойынша төрт жұмыс тобын құру жөнінде шешім қабылданды.
«Жұмыс топтарының негізгі мақсаты жер нормаларының заңнамасына сәйкес ұсыныстарды қарау және жетілдіру болып табылады. Барлық келіп түскен ұсыныстар тіркеуге алынып, комиссия мүшелерінің қарауына енгізілуде», - деп атап өтті министрлікте.