Жер сілкінісінен зардап шеккен Алматы облысында ақау актілері жасалуда

Бұл туралы ҚазАқпаратқа облыстық Жедел дайындық, азаматтық қорғаныс, апаттар мен табиғат апаттарының алдын алу және оның зардаптарын жою басқармасының бастығы Сергей Салагаев хабарлады.
Оның сөзінше, бүгін күннің екінші жартысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталовтың басшылығымен штаб отырысы өткізіліп, онда қаржыландыру мәселесі шешіледі.
«Жер сілкінісінен кейін Островский атындағы орта мектептің қабатаралық жапсырмаларында жарықтар пайда болды. Осыған дейін жерасты сулары басып қалған 28 тұрғын үйдің техникалық жағдайы күрделене түсті. Осы барлық нысандар жөндеуден өткізіледі», - деп нақтылады С.Салагаев.
Жергілікті атқару органдарының күшімен зақымданған үйлердің аулаларында 22 киіз үй, 8 шағын вагон орнатылып, жөндеу жұмыстары аяқталғанша, зардап шеккендер сонда тұрады. Қосымша апаттық үйлердің тұрғындарын орналастыру үшін 24 үлкен шатыр бөлінді, 3 отбасы жатақханаларға орналастырылды.