Жер телімдерін заңдастыру - 1,5 миллионнан астам тұрғыны бар оңтүстік өңірі үшін аса өзекті мәселелердің бірі

АСТАНА. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Жер телімдерін заңдастыру - 1,5 миллионнан астам тұрғыны бар оңтүстік өңірі үшін аса өзекті мәселелердің бірі.
None
None

Қазанның 29-да «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалында болатын жер телімдерін беру және заңдастыру мәселелері бойынша қоғамдық тыңдауда осы түйткілді проблема қаралмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында өткен брифингте партияның ресми өкілі Оксана Петерс мәлім етті. «Аталған мәселе партияның қалалық филиалы жанынан құрылған әлеуметтік кикілжіңдерді қарау және шешу жөніндегі Қоғамдық кеңес жиындарында бірнеше мәрте айтылды. Кеңес ұсынысы бойынша өткен жылдың қазан айында жер телімдері мен салынған үйлерді заңдастыру мүмкіндіктерін қарастыру мен тексеру бойынша бірлескен жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамына жергілікті билік, қоғамдық бірлестіктер мен ҮЕҰ өкілдері кірді»,  деді партияның ресми өкілі.

Соңғы жаңалықтар