Жер жаһанда азық-түлік қауіпсіздігі әлі жақсарған жоқ, болашақ болжам жағдайдың одан сайын қиындай түсетінін көрсетеді - Ж. Диуф

Бүгін елордада Астана экономикалық форумы барысында сөз сөйлеген БҰҰ Азық-түлік ауыл шаруашылығы ұйымының Бас директоры Жак Диуф осылай мәлім етті.
«Азық-түлікпен байланысты жаһандық жағдайдың адамзатқа айтарлықтай қауіпті болуы әлі де жалғасып келеді. Әлемде ашаршылықтың салдарынан созылмалы ауруға ұшыраған адамның саны барлық халықтар санының 14 пайызын құрайды. 29 мемлекет азық-түлік тапшылығынан жапа шегуде және оларға жедел көмектер қажет етіледі. 7 мемлекет астық шығынының төмендігінен жағымсыз перспективаларымен күресуде. Әлемде халықтар саны 2050 жылы 9,5 млрд. адамға жетуі мүмкін екендігін есептесек, жағдай одан сайын қиындай түсуі болжанады. Бұл ретте қаладағы тұрғындар саны 70 пайызға жетуі ықтимал», - деді Ж. Диуф. Оның айтуынша, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және болашақтың сұранысын қанағаттандыру үшін өндірілетін азық-түлікке қолжетімділік барлық елдер бойынша 70 пайызға, ал дамушы елдерде 100 пайызға артуы керек.
«Сондықтан да ауыл шаруашылығы инфрақұрылымдарын, сала технологияларын, оны дамыту мен тәжірибелер алмасуды дамыту қажеттігін ескерген жөн. Сонымен қатар, дамушы елдер өз бюджеттері бойынша ауыл шаруашылығын дамытуға бағыттауды арттыру қажет. Жеке инвестициялар да ауыл шаруашылығына арттыруды қажет етеді. Тоқтала кететін жайт, Орталық Азиядағы азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан қарағанда осы өңірдегі импорттаушы елдердегі жағдай өте өткір тұр. Атап айтқанда, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан секілді астықты шеттен алатын елдердегі болашақ жағдай алаңдауды қажет етеді. Бұлар негізінен ТМД аумағы бойынша дәстүрлі экономикалық байланыстарға тәуелді. Бұл ретте өңір елдері азық-түліктік және ауылшаруашылық өнімдерінің еркін ағынын қамтамасыз етулері үшін саудалық-өңірлік ынтымақтастықты арттыра түскендері орынды», - деді Ж. Диуф.