Жерді соңғы үш жылдағы ең күшті магнит дауылы басты

АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат - Жер бетін соңғы үш жылдағы ең қуатты магнит дауылы басты. Мамандардың нақтылауынша, бұл құбылыс сәуірдің 8-іне дейін жалғасады, содан кейін геомагниттік жағдай қайта қалпына келуі керек, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
None
None

Бұл құбылыс Жер тұрғындарын біраз әбіржітуі мүмкін. Бұл электрондық аппаратуралар, көлік және байланыс құралдарына «сын сағаты» туатын кез. Магнит дауылы гипертониктерге әсер етуі мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, көбірек демалу және ұйықтау, денсаулықтағы жайсыздықтардың алдын алуға көмектесетін көрінеді.

Магнит дауылы Күндегі жарылыс құбылыстары кезінде, яғни Күндегі оталыстар кезінде пайда болады. Күн бөлшектерінің тасқыны 400-1000 км/с жылдамдықпен заулап ,өздерін туғызған Күн бетіндегі ыстық газдардың оталысынан 1-2 күн өткеннен кейін Жерге келіп жетеді. Осындай күшті корпускулалық тасқын Жердің магнит өрісін ұйытқытады. Магнит өрісінің өзгеріс-сипаты тез және оқыс құбылады, осыны магнит дауылы дейді.

Соңғы жаңалықтар