15:32, 01 Наурыз 2012 | GMT +5
«Жеребец» лақап атты азамат есірткі сақтағаны үшін ұсталды
АҚТӨБЕ. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлері есіркі сақтағаны үшін «Жеребец» лақап атымен танымал 58 жастағы ақтөбелікті ұстады, деп хабарланды облыстық ІІД-нің брифингінде.

Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері «қылмыскер үйінде есірткі заттарын сақтап отыр» деген жедел ақпарат бойынша әрекет етті.
Ағымдағы жылдың 24 ақпанында күдіктінің тұрғылықты жері бойынша санкциялық мәжбүрлеу барысында промедолдың 10 ампуласы, морфидің 1 ампуласы мен 2,44 грамм салмақтағы героин табылып, алынды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 259 бабы (Есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті бұған дейін ол есірткі сатқаны үшін 6 рет істі болған. Оның зайыбы қазіргі уақытта есірткі заттарын сатқаны үшін түзеу мекемесінде жазасын өтеуде.