15:14, 23 Сәуір 2013 | GMT +5
Жергілікті әкімдіктер 61,3 млрд. теңге көлеміндегі қаржыны игере алмады
АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Жергілікті әкімдіктер 61,3 млрд. теңге көлеміндегі бюджеттік қаржыны игере алмады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аталмыш кезеңде бюджеттің атқарылу қорытындысы туралы баяндама жасаған Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
«Биылғы 1 тоқсанда жергілікті бюджеттердің шығыстары 567,8 млрд. теңге сомасында орындалды. Бұл есепті кезеңде жоспардағы 629,1 млрд. теңге қаржының 90,3 пайызын құрады. Жергілікті деңгейде толық пайдаланылмаған қаражат көлемі 61,3 млрд. теңге болды»,-деді министр.
Бұл ретте қаржының анағұрлым игерілмеуі Астана (18,1 млрд. теңге) мен Алматы (7,1 млрд. теңге) қалаларында және Маңғыстау (5,7 млрд. теңге), Ақмола (4,8 млрд. теңге), сондай-ақ Жамбыл (4,7 млрд. теңге) облыстары бойынша анықталды.