Жергілікті атқарушы органдардың салықтық түсімдерді ұлғайтуға экономикалық ынталандырудың жаңа тетіктері қарастырылып жатыр - Үкімет басшысы

АЛМАТЫ. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Жергілікті атқарушы органдардың салықтық түсімдерін ұлғайтуға экономикалық ынталандырудың жаңа тетіктері қарастырылып жатыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов бүгін Алматыда өткен алқалы жиында айтты.
None
None

«Бұрын корпоративтік салықтың 50 пайызы республикалық, 30 пайызы облыстық, 20 пайызы қалалық және аудандық бюджетке түсетін. Үш жылдық шоғырландырылған бюджет саясаты жүргізілгеннен кейін ол толықтай республикалық бюджетке түсетін болды. Дегенмен жергілікті атқарушы органдардың салықтық түсімдерді ұлғайтуға экономикалық ынталандырудың өзге де тетіктері бар. Оның жобасы алдағы уақытта аймақтарға жіберіліп, оған жаңа ұсыныстар енгізілетін болады», - дейді С. Ахметов. Үкімет басшысының айтуынша, әрбір мәселе бойынша жеке заң қабылдағаннан көрі қолда бар тетіктерді тиімді пайдалану керек. Мәселен «Метро туралы» заң қабылдайтын болсақ, одан кейін жеңіл рельсті көліктер туралы да заң қабылдау мәселесі көтерілуі мүмкін. Бүгін кәсіпкерлермен болған кездесуде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде Құрылыс материалдары департаментін ашу туралы ұсыныс айтылған еді. С.Ахметовтің сөзіне қарағанда, жаңа құрылымдар құруда да мұқият болу қажет. Егер бүгін Құрылыс материалдары бойынша арнайы департамент құрылатын болса, ертең өзге де салалар бойынша арнайы департаменттер ашу керек болады.

Соңғы жаңалықтар