15:29, 26 Мамыр 2009 | GMT +5
Жергілікті орында да кадрлық жұмысты жақсартып, ішкі партиялық тәртіпті нығайтудың маңызы зор
ОРАЛ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның ХІІ съезінде партия органдарының жұмысын орталықта да, жергілікті жерлерде де жүйелі түрде қайта құрудың қажеттігін атап көрсеткен болатын.
Бұл ретте кадрлық жұмысты жақсартып, ішкі партиялық тәртіпті нығайтудың және бақылауды күшейтудің маңызы зор. Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Людмила Тенишева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, осы орайда қалалық филиал құрылыс нысандарында партиялық бақылау бекеттерін құру жөнінде ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Мұның мақсаты біреу-ақ ? Орал қалалық мәслихаты депутаттары, муниципалды округ басшылары және басқа белсенділердің күшімен «Жүз мектеп, жүз аурухана» мемлекеттік бағдарламасының Оралға қарасты Шаган, Желаев кенттері мен 9-ықшамауданында жүзеге асу барысын қадағалау. Бұл партия шешімдерін орындау жолындағы қадамның бірі болмақ.