Жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік басқару жүйесінің толыққанды және күшті буыны болуы тиіс - Қ.Мәми

ӨСКЕМЕН. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы жергілікті депутаттары мен активі алдында сөз сөйледі.
None
None

Қ.Мәми 2011 жыл қазақстандық мемлекет қалыптасуы мен дамуының тарихи белесі екенін атап өтті. Ол кездесуге қатысушыларға Тәуелсіздіктің 20 жылдығы туралы декларация қабылдау жөніндегі Парламент бастамалары туралы айтты, онда Қазақстанның егеменді дамуының басты жетістіктері көрініс табатын болады Ал жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәсселелеріне қатысты айтар болсақ, ол «мемлекеттік басқару жүйесіндегі толыққанды және күшті буын болуы тиіс», сенаторлар Өскеменге кездейсоқ келген жоқ, деп атап өтті спикер. Мұнда 1996 жылдан бері Өскеменде жұмыс жасап жатқан жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ұйымдастырудың үлкен тәжірибесі жинақталған. Нақ сол кезде қалада жергілікті өзін өзі басқарудың алғашқы комитеттері пайда болды, жұртшіліқ кеңесі, ақсақалдар кеңесі, т.б. белсенді жұмыс жасады.

«Бұл жергілікті проблемаларды шешуге халықты белсенді тартудың үлгісі болды», деп атап өтті Қ.Мәми. Ол шығыстың бастамасы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту жөніндегі тиімді құқықтық база қабылдауға көмектесетінін баса айтып өтті. Спикердің айтып өткеніндей, оң тәжірибені зерделеу жергілікті басқарудың қазақстандық моделін жетілдіруге қызмет етпек.

«Ағымдағы жылғы сәуірде кеңейтілген отырыста Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына жергілікті өзін-өзі басқаруды едәуір кеңейту, мемлекеттік өкілеттіліктің бір бөлігін жергілікті өзін-өзі басқару органдарына беру жөнінде бірқатар нақты міндеттер қойды. Жергілікті өін-өзі басқару азаматтық бастамаларды және жергілікті халықтың әлеуметтік белсенділігін, олардың өздері тұратын аумақта істің жай-күйіне ұжымдық жауапкершілігін дамытуға жәрдемдесетін болады», - деді Қ.Мәми.

ҚР Парламенті Сенаты жанындағы жергілікті мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы он-лайн режимінде өтіп, қатысушылар аудиториясын едәуір кеңейтті. Жергілікті депутаттар және облыс активінің өкілдері сайлаушылардың ҚР Парламенті жоғарғы палатасының спикеріне алғаш рет тікелей сұрақ қою мүмкіндігін пайдаланды.

Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан қоғамдық кеңесінің төрағасы Владимир Лопаткинді «экологиялық төлемдер» мәселесі толғандырды. Оның айтуынша, 1992 жылы қабылданған Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерге төленетін өтемақы сол жылы қаражат жетіспеушілігінен тоқтап қалған. «Қазір істің жағдайы қандай?», - деді В.Лопатин. - Зейтнеткерлерге жыл сайын өтемақы бола ма?».

Риддер қаласы аудандық мәслихатының хатшысы Галина Денисова ағымдағы зейнетақы заңнамасына қатысты сұрақтар қойды, зейнетақы мен еңбек өтілін есептеудегі әділетсіздікке назар аударды, жетімдерді әлеуметтік қорғау, тыл еңбеккерлерінің мәртебесі мәселелерін қозғады. ҚР Парламенті жоғары палатасының спикері өзінің орынбасары Александр Судьинге «аймақтардан келген осындай хаттар бойынша мәселелерді шешу» жөнінде қолма-қол тапсырма берді.

Кездесу соңында Қ.Мәми белсенді жұмысы үшін облыстық мәслихаттың депутаттары Темірлан Оралбаевқа, Рая Рахымға, Әсемхан Досқожановқа және аудандық мәслихат хатшысы Галина Денисоваға ҚР Парламенті Сенатының Құрмет грамоталарын тапсырды. Кеңестің көшпелі отырысына Палата вице-спикері Александр Судьин, депутаттар Т.Абайділдин, С.Плотников, Н.Сүлейменов қатысты.

Сол күні Өскеменде «Шығыс Қазақстан облысы тәжірибесінде жергілікті өзін-өзі басқарудың заманауи моделін қалыптастыру және дамыту» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Сонымен қатар сенаторлар аймаққа сапары барысында қаланың өнеркәсіп кәсіпорындарында, әлеуметтік нысандарында болды, «Нұрлы көш» кентінің оралмандарымен, этноауылдың этномәдени бірлестіктері өкілдерімен кездесті.

Соңғы жаңалықтар