Жетімді баспанасынан айырған алаяқтар жазасын алды - БҚО

ОРАЛ. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-дағы Январцев балалар үйінің кәмелетке толмаған тәрбиеленушісінің пәтерін сатып жіберген алаяқтар қылмыстық жазасын алды.
None
None

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, әкесі Владимир пәтерін рәсімдемеген. Ол қайтыс болғаннан кейін осы сәтті пайдаланған алаяқтар жалған сатып алу-сату шарты негізінде пәтерді 1 млн. 740 мың теңгеге өткізіп жіберген. Балалар үйінің әкімшілігі тәрбиеленушісінің құқығы бұзылғанын білгеннен кейін тиісті орындарға хабарлаған. Тергеу нәтижесінде 1978 жылғы Олег Данилов, 1981 жылғы Асхат Жанғалиев және 1955 жылғы Ольга Шишкина сот залынан бір шықты. Әйел қылмыстық іс-әрекет барысында сатып алушы рөлінде ойнаған. 3 жылға бас бостандығынан айрылған О.Шишкина маскүнемдіктен де емделетін болады. А.Жанғалиев те осындай мерзімді арқалады. О.Данилов түрмеде одан бір жыл кем отыратын болады. Бәрінің де мүлкі тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар