16:04, 03 Тамыз 2012 | GMT +5
Жетісайысшы Ирина Карпова Лондон Олимпиадасында 35-орында келе жатыр
АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық Ирина Карпова Лондон Олимпиадасында жетісайыс аясында кедергілермен 100 метрге жүгіруден 35-орынға қол жеткізді.

Карпова қашықтықты 14,21 секундта жүгіріп өтті. Осылайша бұл сайыста ол 949 ұпай жинап отыр. Аталмыш сайыстан кейін британдық атлет Джессика Эннис 1195 ұпаймен көш бастады.
Жетісайысшылардың келесі сайысы биіктікке секіру болмақ. Ол Астана уақыты бойынша сағат 16:15-те басталады.