«Жетісулық» волейболшы қыздар Қазақстан кубогының иегері атанды

 АЛМАТЫ. 14 қараша. ҚазАқпарат  -  Қарағандыдағы «Жастар» спорт кешенінде 12-13 қараша күндері волейболдан әйелдер арасында Қазақстан кубогының жартылай және ақтық сайыстары өтті.
None
None

Онда ел чемпионатында қарсылас шақ келтірмеген Талдықорғанның «Жетісу» волейбол клубы ел кубогында да үздік шықты. Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын талдықорғандықтар  жартылай финалда Павлодардың «Ертіс-Қазхромын» 3:1 (25-14, 25-21, 27-29. 25-17), ал ақтық финалда алаң иелерін  0:3 (16-25, 12-25, 25-27) есебімен ойсырата жеңіп, Қазақстан кубогын  өз қанжығаларына бөктеріп қайтты. Үшінші орын үшін болған сайыста астаналықтар павлодарлықтардан 2:3 (25-17, 25-20, 21-25, 18-25, 11-15) есебімен басым түсті.

Соңғы жаңалықтар