12:21, 23 Сәуір 2011 | GMT +5
«Жеткіншек» операциясының бес күнінде жамбылдық полицейлер ІІО 1 172 баланы жеткізді
ТАРАЗ. 23 сәуір. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - «Жеткіншек» операциясының бес күнінде жамбылдық полицейлер ІІО 1 172 баланы жеткізді, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 264 жеткіншек пен 240 қараусыз бала бар.
Бұл туралы Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Жамбыл облыстық ІІД ҚҚБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ысмайыл Қамаловтың айтуынша, прокуратура, білім органдары, «Нұр Отан» ХДП, денсаулық сақтау мен ІІД жедел қызмет өкілдерінің қатысуымен өткізілген рейдтік шаралар нәтижесінде спиртті ішімдіктер ішкені үшін 109 кәмелетке толмаған бала анықталып, әкімшілік жауапкершілікке 313 ересек адам тартылды.