Жетпіске иек артқан қарт ауылына қайырымдылық көрсетуден жалыққан емес

ОРАЛ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Биыл жетпістің ауылына келіп отырған оралдық Асқар Шораев туған жері Ақжайық ауданы Ілбішін ауылына кемінде жылына бір рет барып қайтады, жай бармайды, жерлестеріне қолұшын беріп, қайырымдылық шараларын өткізеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Биыл да ол өзінің жүлдесін тігіп, жеңіл атлетикадан аудандық спартакиада өткізді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар мен ақшалай сыйлықтарын тапсырды. Аталмыш ауылда дүниеге келген Асқар Шораев кезінде комсомолдық жолдамамен қара металлургияның отаны ? Теміртауда еңбек етті. Осында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен етене танысты. «Екеуміз де жас жігітпіз. Жақсы әңгімелесіп, жақын араласып кеттік. Кейін Нұрекең Украинаның Днепропетровск қаласына, ал мен Новокузнецкіге оқуға кеттік», деп еске алады ол. Новокузнецкіден металлург-технолог мамандығын алып шыққан А.Шораев отыз жылдан астам ғұмырын Теміртаумен байланыстырды. Ол сондай-ақ жасынан спортқа да жақын болды. Асқар Шораев ? шаңғы мен велосипедтен қазақтан шыққан алғашқы КСРО спорт шеберлерінің бірі. 2007 жылы өз қаржысына ауылына мешіт салдырған ақсақал осындағы мектепке де қайырымдылық көмегін көрсетіп келеді. «Қазір елде жағдай жақсы. Еңбек еткен адамға нәсіп мол. Бір кездері осындай еркіндікті біз тек армандап едік қой», дейді ол.
Соңғы жаңалықтар
Референдум