Жезқазған құтқарушылары Приозерскідегі апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына қатысқаны үшін ведомстволық наградаларға ие болды
«Приозерскідегі апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына қатысқан Жезқазған қалалық ТЖБ бірқатар қызметкерлері ҚР ТЖМ бұйрығымен марапатталды. Облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметі және апаттық-қалпына келтіру жұмыстары №2 отрядының қызметкерлері Дмитрий Ларкин мен Ардақ Бейсенов 3 дәрежелі «Құтқарушы» медалімен марапатталды. Ведомство басшысының Алғысхатын өртке қарсы қызметтің майоры Талғат Нұрғалиев иеленді. Сонымен қатар, Чернобыль АЭС-індегі апаттың 25 жылдығына орай, осы оқиғаның қатысушысы, апатты жоюшы Мұхит Үңгітбаевқа ҚР ТЖМ Құрмет грамотасы табыс етілді», - деп хабарлады Жезқазған қалалық ТЖБ баспасөз қызметі.
2011 жылдың 1 тоқсанындағы жұмыс нәтижелеріне арналған аймақтық кеңеске қатысу кезінде ведомство басшылығының атынан Қарағанды облыстық ТЖД бастығы Нұрбек Құнанбаев марапатталды.
Приозерскіде жезқазғандық құтқарушылар 4 тұрғын үйдің жылу желісін қалпына келтіріп, 170 метр жылу трассасын қымтады, деп нақтылады ведомствоның баспасөз қызметі.