14:03, 30 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Жезқазғанда әділет басқармасының басшысы жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Жезқазғанда қалалық әділет басқармасының басшысы Мұрат Аққұлов жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметінен.
«Жезқазған қалалық сотының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі қаулысы бойынша қалалық әділет басқармасының басшысы М.Аққұловқа қатысты екі айға қамауға алу шешімі санкцияланды», - деді облыстық соттың баспасөз қызметінде.
Соттың ақпаратынша, шенеунік ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлімі «Пара алу», 361-баптың 2-бөлімінде «Міндетін асыра пайдалану» қарастырылған қылмыс жасады деген күдікке ілініп отыр.
Сот қаулысы заңды күшіне енбеді. «Аққұловтың қорғаушысы апелляциялық шағым түсірді», - деп қосты облыстық соттың баспасөз қызметінде.