14:15, 16 Тамыз 2010 | GMT +5
Жезқазғанда «Мерседес» көлігінің жүргізушісі екі жүргіншіні қағып кетті
ҚАРАҒАНДЫ. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Жезқазғанда (Қарағанды облысы) өткен жексенбі күні «Мерседес» көлігінің жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Баспасөз орталығының ақпараты бойынша, жол-көлік оқиғасы Сәтбаев көшесі мен Аманжолов көшесінің қиылысында, таңғы сағат алты кезінде орын алған. «Мерседес» автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі 24 жастағы қыз бен жігітті басып кеткен. Зардап шеккендер оқиға орнында қаза тапты», - делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.