Жезқазғанда Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны мешітті тонады

ҚАРАҒАНДЫ. 3 наурыз. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Жезқазған қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны мешітті тонады.
None
None

Бұл туралы Қарғанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицияның берген ақпаратына қарағанда, ұрлық 2 наурызға қараған түні жасалды, күдікті «ізі суымай» ұсталды. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының 21 жастағы тұрғыны болып шықты.

«Ұрлықшы пластикалық терезені басып ашып, мешіттің әкімшілік ғимаратына кіріп компьютерді ұрлап кеткен. Келтірілген шығын 173 мың теңгені құрады», - делінген облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қылмыскерденұрланған комьютер алынды. Ұрлық фактісі бойынша қылмысық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.

Соңғы жаңалықтар