Жезқазғанда жұмыссыз 18 жастағы жігіт студентті атып өлтірді

ҚАРАҒАНДЫ. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Жезқазған қаласында шолақ мылтықпен студентті атып өлтірген 18 жастағы жұмыссыз жігіт ұсталды, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

«11 наурыз күні Жезқазған қаласында емдеу мекемелерінің бірінің медбикесі түнде жұмыстан қайтып бара жатқанда Есенберлин көшесінде қанға боялған жас жігітті тапты. Ол жедел жәрдемді шақырып, полицияға хабарласты. «Оң жақ жамбасының бытыралы оқ жарақаты, травматикалық және геморрагиялық есеңгіреу» диагнозымен жеткізілген жас жігіттің өмірін дәрігерлер құтқара алған жоқ. Ол есін жимастан мерт болды», - делінген баспасөз айғағында.

Тәртіп сақшылары күдіктіні тәулік өткен соң ұстады. Ол еш жерде жұмыс істемейтін 18 жастағы жігіт болып шықты.

«Ұсталған азамат мойындау түсінігін берді. Ол ұрыс-керіс барысында бір ұңғымалы аңшы мылтығынан жәбірленушіге оқ атқанын, одан кейін қаруды лақтырып жіберіп, қашқанын айтып берді», - делінген баспасөз хабарында.

Ұсталған азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 103-бабының 3-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар