Жезқазғандық екі жігіт 22 жастағы қызды өлтіріп, бақшада көміп тастаған

АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Жезқазған қаласында екі жігіт 22 жастағы қызды өлтіріп, бақшада көміп тастаған.
None
None

Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Жезқазған қаласында 22 жастағы қыз екі ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Қалалық полиция қызметкерлері оны іздеуге бар күштерін салды. Әртүрлi нұсқалар қаралды. Дегенмен ең қорқынышты жорамал расталды. Шілде айында полицейлер қыздың жоғалып кетуіне қатысы бар сезікті тұлғалардың ізіне түсіп, 31 және 18 жастағы қала тұрғындарын ұстады.

Олар 26 мамырда түңгі сағат шамамен 03.00-де саяжайлар орналасқан аумақта ұрыс кезінде 22 жастағы қызды қылқындырып өлтіргендерін және саяжайлардың бірінде көміп тастағандарын мойындады.

Олардан жауап алу барысында күдікті ер азаматтар мәйіттің жерленген жерін көрсетті. Қыздың денесі сот-медициналық сараптамасына жіберілді. Оқиға орнында күрек пен күдіктілер мәйітті ораған көрпе табылды. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар