Жезқазғандық құтқарушылар шалғайдағы мал қыстағынан ауыр науқасты алып келді

ҚАРАҒАНДЫ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағанды облысы Жезқазған қаласының құтқарушылары шалғайда жатқан қыстақтан ауыр науқас әйелді алып келді.
None
None

Бұл туралы Жезқазған қаласының ТЖБ бөлімінің бастығы Бейбіт Еңсебаев хабарлады. 

 «5 қаңтар түнінде жедел түрде Жезқазған қаласының өрт сөндіру қызметі мен апат-құтқару жұмыстары 2 жасағының тобы Ұлытау ауданының Жанкелді ауылдық аймағындағы қыстақтан ауыр науқас әйелді ауруханаға жеткізу үшің жіберілді. Ол үшін 250 шақырым жол жүру керек болды, оның шамамен үштен бір бөлігі - далалы жолдар. Жедел медициналық көмек көлігі күртік қардан өте алмады. Аудан әкімінің орынбасары өрт сөндірушілерден көмек сұрады», - деді Б.Еңсебаев.

ӨҚ-48 үш техника бірлігі мен бір «жедел жәрдем» көлігінен автотізбек құрылды. «Құтқару операциясына 12 адам аттанды. Қарлы бөгілістерден өткен олар белгіленген жерге дейін тоғыз сағат жүрді. Дәрігерлер науқасқа көмек көрсетіп, оның өмірін сақтап қалды», - деп атап өтті Б.Еңсебаев.

Аман қалған әйел өрт сөндіру қызметі және апат-құтқару жұмыстарының қызметкерлеріне өзінің алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар