«Жібек жолы - 2017» ралли жарысында қазақстандық үздік үштікке кірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Артур Ардавичюс «Жібек жолы - 2017» ралли жарысының төртінші кезеңінде 3-орын алды, деп хабарлайды ТАСС.
None
None

Халықаралық жарыстың мәре сызығын бірінші болып чех спортшысы Мартин Колом кесіп өтті. Екінші орынға голландиялық Жерар де Рой тұрақтаса, қазақстандық спортшы Артур Ардавичюс үздік үштікті түйіндеді.

 Биылғы ралли 7 шілде күні Мәскеу қаласында басталған болатын. Астанадан кейін жарыс қатысушылары Семей мен Үржар арқылы Қытайға өтіп кетеді. Ал 22 шілдеде Сиань қаласында жеңімпаздар анықталады. "Жібек жолы - 2017" раллиіне 35 елдің 90 экипажы қатысуда. Олардың құрамында 41 жол талғамайтын көлік пен 21 жүк көлігі бар. Жарысты 196 мемлекетте 55 ірі бұқаралық ақпарат құралдары көрсетіп жатыр.

Айта кетейік, халықаралық ралли қатысушыларының Астанаға келгендігі туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.  

Соңғы жаңалықтар