Жиль Бурдостың «Ренуар. Соңғы махаббат» фильмінің Қазақстандағы прокаты басталады

АЛМАТЫ. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Қазақстан кинотеатрларында 25 сәуірден бастап прокатқа шығатын Жиль Бурдостың «Ренуар. Соңғы махаббат» драмасының журналистер үшін көрсетілімі болды. Басты рөлдерді Мишель Буке, Венсан Ротье, Криста Торе сомдайтын бұл фильм Францияда 2 қаңтарда прокатқа шыққан болатын. Оның Қазақстандағы дистрибьютері: КЗ-Иллюзион.
None
None

Бұл кино 18-21 сәуір күндері Алматыда өтетін IV «Қазіргі заманғы француз киносы» фестивалінің бағдарламасына еніп отыр. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтары оны өзгелерден бұрын тамалашалай алады. Туындының фестивальдік көрсетілімі 19 сәуірде «Арман» кинотеатрында өтетін болады. Ұзақтығы 111 минут болатын бұл драмада Францияның Жерорта теңізіндегі жағалауында 1915 жылы орын алған оқиғалар суреттеледі. Ұлы өнер мен махаббат тақырыбын өзек еткен драма жасы шау тартып, өз бетімен жүріп-тұруы мұңға айналған суретші Огюст Ренуар мен оның музасына айналған қыз Андре туралы.

Соңғы жаңалықтар