Жоғарғы сот өкілдері Астана қаласының жетім балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне мерекелік дастархан жайды
деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Тағдыр тәлкегімен ата-ана қамқорлығынан айырылған 150-ден астам балаға еліміздің сот қауымдастығы мен Астана қаласының білім басқармасы тарапынан Аяз ата мен Ақшақар бастаған концерттік бағдарлама ұсынылды. Жоғарғы сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бауыржан Жұмағұлов жиналғандарға Жоғарғы Сот төрағасы Бектас Бекназаровтың құттықтауын жеткізіп, балаларға арналған шаралардың тұрақты
түрде ұйымдастырылатындығын және бұл игі бастаманың облыстық соттарда да қолға алынып, алдағы уақытта жалғасын табатындығын жеткізді.
Мерекелік кешке шақырылған жасөспірімдердің бірі 12 жасар Арман «Жаңа жыл мен үшін қуаныш пен сыйлықтарға толы мереке. Ұстаздарымызбен бірге арнайы костюмді дайындадық. Бүгінгі мерекені біз үшін ұйымдастырған аға-апаларымызға алғысымыз шексіз»,- деген деген алғысын білдірді. Ән-күйге толы кеш соңында барлық балаларға сыйлықтар табыс етілді.