Жоғарғы сот төрағасы Алматы облысында жұмыс сапарымен болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 29 сәуір. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Жоғарғы сот төрағасы Бектас Бекназаров кеше, бейсенбі күні Алматы облысының соттарын аралады.
None
None

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарлағандай, ол мамандандырылған ауданаралық сотта және Талдықорған қалалық сотында болды. Бектас Бекназаров облыстық сотта судьялармен және кеңсе мамандарымен кездесті, ведомствоның материалдық-техникалық жағдайымен танысты.

Жоғарғы сот төрағасы сапар аясында сондай-ақ судьялар мен сот органдары қызметкерлерінің мемлекеттік, еңбек және атқару талаптарын сақтауына баса назар аударды.

«Аудандық, қалалық және оларға теңестірілген соттардың жұмыстарының басты көрсеткіші - сот ісінің адал атқарылуы. Ал төменгі сатыдағы сотар қабылдайтын сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін аппеляциялық және кассациялық ретпен тексеру - облыстық және оларға теңестірілген соттардың қызметінің көрсеткіші», - деп атап көрсетті Бектас Бекназаров.

Алматы облыстық сотының төрағасы Мейрамбек Таймерденов өз кезегінде, облыс сотының атқарып жатқан жұмыстары туралы әңгімелеп берді.

Соңғы жаңалықтар