13:15, 12 Тамыз 2010 | GMT +5
Жоғарғы Сот Төрағасы Мемлекет басшысына республикадағы сот жүйесінің жағдайы туралы баян етті
АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Сот Төрағасы Мұсабек Әлімбековты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметінен.

М.Әлімбеков Мемлекет басшысына республикадағы сот төрелігі жүйесінің жағдайы туралы баяндады. Атап айтқанда, азаматтық істер бойынша сот төрелігінің орнын толтыруды қалпына келтіру қағидатын іске асыру жайы қозғалды.
Кездесу барысында сондай-ақ алдағы уақыттағы құқық саласындағы өзгерістер, Қазақстанның Жоғарғы Сотының Еуропа мен Азия елдерінің соттарымен өзара іс-қимылы туралы әңгіме болды.