Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы Мәскеуде өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы осы жылдың желтоқсан айында Мәскеуде өтеді. Бұл туралы бүгін Ақордада өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында РФ Президенті Владимир Путин айтты.
None
None

«Еуразиялық комиссия Моңғолия, Перу, Чилидің Үкіметтерімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Жоспарда Сербиямен сауда уағдаластығын әзірлеу бар. Оңтүстік Кореямен, Эквадормен және МЕРКОСУР-мен ынтымақтастық туралы келісім дайындалуда. Одақпен тығыз байланыс орнатуға Иран, Үндістан, Мысыр, Израиль қызығушылық танытуда», - деді ол.

Сонымен қатар РФ Президенті Еуразиялық одақ пен ЕО арасындағы өзара іс-қимылды жолға қою бойынша халықаралық конференция өткізу туралы Қазақстан бастамасына қолдау білдіретіндігін атап өтті. Халықаралық жиынды өткізуге Еуразиялық экономикалық комиссия белсенді араласуы тиістігін баса айтты.

«Сөзімді қорыта келе, осы мүмкіндікті пайдаланып, шағын құрамда уағдаласқанымыздай, Мәскеуде желтоқсанда өтетін келесі кездесуге барлықтарыңызды шақырамын», - деді В.Путин.

Соңғы жаңалықтар