Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы - министр бұйрығы

АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті», «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарында, «Астана медицина университеті» акционерлік қоғамында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы.
None
None

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы

Астана қаласы 2012 жылдың 9 шілдесінен, №463  

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» , «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарында, «Астана медицина университеті» акционерлік қоғамында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабының 1 - тармағының 15) тармақшасын іске асыру мақсатында, «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2012/2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 мамырдағы № 640 қаулысына сәйкес бұйырамын:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» мен «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарында, «Астана медицина университеті» акционерлік қоғамында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (М.Қ. Телеуов):
1) осы бұйрықты осы бұйрыққа қосымшада қаралған денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына жеткізсін, және олармен шарт жасасуды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаменті (Г.Р. Сүйінтаева) осы бұйрыққа қосымшада қаралған денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарын жасалған шарттар негізінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті (Е. Р. Әмірғалиев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі         С.ҚАЙЫРБЕКОВА.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 9 шілдедегі №463 бұйрығына қосымша

Қосымшаның мәтіні республикалық БАҚ-да жарияланды.

Соңғы жаңалықтар