Жогорку Кенеш төрағасы Қазақстан Парламенті Сенатының спикеріне құттықтау жолдады

БІШКЕК. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғызстан Жогорку Кенешінің Төрағасы Ахматбек Келдібеков Қазақстан Парламенті Сенатының жаңадан сайланған спикері Қайрат Мәмиге құттықтау жолдады.
None
None

«Жогорку Кенеш депутаттарының және жеке өзімнің атымнан Сізді Қазақстан Парламенті Сенатының спикері қызметіне сайлануыңызбен құттықтаймын. Қоғамдық-саяси қызметіңізді пайдаланып, алға қойылған барлық мақсаттарды жүзеге асыра алатыныңызға біз сенеміз», делінген құттықтауда.

Қырғыз парламентінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Жогорку Кенеш спикері қазақстандық әріптесіне сондай-ақ, мықты денсаулық, бақыт және барлық бастамаларына сәттілік, ал Қазақстан халқына - бейбітшілік және гүлдену тіледі. А.Келдібеков екі ел парламенттері ынтымақтастығының әрі қарай жалғасатындығына үміт білдірді.

Соңғы жаңалықтар