Жол апатынан екі бойжеткен қаза тапты

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Бүгін таңертеңгілік сағат алтылар шамасында Индер поселкесінен 3 шақырымдағы Орал-Атырау тас жолында «Мерседес-Бенц» көлігінің жүргізушісі 1976 жылғы азамат басқару жүйесін игере алмай көлікті аударып алды.
None
None

Нәтижесінде, көлік ішіндегі екі жолаушы - жастары 25-тегі қос азаматша оқиға орнында мерт болды. Әзірге болжам, жүргізуші қалғып кетсе керек. Тексеру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметінен Гүлнәзира Мұхтарова.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, апта ішінде облыста 859 жолда жүру ережесін бұзушылық тіркелді. Олардың арасында ішімдік ішкен күйінде көлік жүргізген 60 жүргізуші, апатты жағдай тудырған - 24, жүргізуші куәлігінсіз - 43, қауіпсіздік белдігін тақпаған - 156, бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өткен - 57, жылдамдықты асырған - 71, ұялы телефонмен сөйлескен 20 жүргізуші, жол ережелерін бұзған 31 жаяу жүргінші бар.

Соңғы жаңалықтар