Жол белгілерін ұрлау және бүлдіру оқиғалары орын алуда - «Қазавтожол»

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - «Қазавтожол» РМК-нің Батыс Қазақстан облыстық филиалы халықаралық және республикалық маңызы бар 1287 шақырым автожолға қызмет көрсетеді,
None
None

деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен.

Мекеменің атап өтуінше, облыстық филиал жол полициясы бөлімшесімен бірлесіп, қызметі көрсетілетін жол желісінде көліктердің кедергісіз әрі қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеуде. Ал соңғы уақытта өңірдегі автомобиль жолдарын және жолдың барлық учаскесі бойында жасанды құрылғыларды жөндеу әрі қайта салу жұмыстарымен қатар, жол белгілерін ауыстыру шаралары да жүзеге асырылып жатыр.

Айтпа кетер жайт, қатар жол белгілерін ұрлау және бүлдіру деректері де орын алуда. Атап айтқанда, мұндай оқиғалар Самара-Шымкент, Атырау-Орал автожолдарында тіркелді. Аталған жолдарда 2010-2013 жылдары аралығында 46 дана жол белгісі бар баған, 36 дана белгі беру бағаны, 450 дана ағаштан жасалған қар тоқтататын қалқан және 20 дана су өткізетін құбырды жабуға арналған қалқан ұрланды.

Бұл деректерді облыстық филиал Ақжайық, Зеленов, Сырым, Теректі аудандық ішкі істер бөлімдерінің басшыларына құлағдар еткенімен әзірше еш нәтиже жоқ.

«Жол белгілерін ұрлау әрі бүлдіру жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер етеді және оларды қалпына келтіру бюджеттен айтарлықтай қаржылық шығынды қажет етеді», - делінген «Қазавтожол» хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар