«Жол картасы» 2009 жылдың ең табысты бағдарламаларының бірі болды - Премьер-Министр

А. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің пікірінше, «Жол картасы» 2009 жылдың ең табысты бағдарламаларының бірі болды. Ол бұл пікірін бүгін Үкімет отырысында айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен мынаны айтқым келеді: Мемлекет басшысы «Жол картасы» бағдарламасына өте жоғары баға берді. Менің ойымша, бұл 2009 жылдың табысты бағдарламаларының бірі болды», деді отырыста Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, аталмыш бағдарлама әлемдік экономикалық қаржылық дағдарыстың ықпалын азайтуға жағдай жасады. «Менің ойымша, министрлер, Үкімет мүшелері, әкімдіктер, шаруашылық субъектілері, кәсіпкерлер, жергілікті жердегі адамдардың жұмыла істеген жұмыстарының арқасында көп жағдайда ықтимал проблемаларды азайтуға мүмкіндік туды. Сондықтан біз 2009 жылдың оң және теріс тәжірибелерін ескере отырып, 2010 жылы да «Жол картасы» бағдарламасын жалғастыратын боламыз», деді Премьер-Министр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықованың айтуынша, 2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға республикалық және жергілікті бюджет есебінен 191,5 млрд. теңге бөлінді. Оның 167 млрд. теңгесі игерілген. 5221 жоба бойынша жөндеу жұмыстары аяқталған. 258 мың жұмыс орны құрылып, 248 мың адам жұмысқа орналастырылған.

Соңғы жаңалықтар