13:30, 01 Маусым 2009 | GMT +5
Жол картасы аясында Павлодарды абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
ПАВЛОДАР. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Жол картасы аясында Павлодарды абаттандыру жұмыстары қызу жүріп жатыр,
қала әкімі Бақытжан Жоламанов жөнделіп жатқан жол учаскелері мен жаңартылып жатқан аулаларды аралап осыған көз жеткізіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Гагарин және Катаев көшелері ретке келтіріліп, қиылыстар абаттандырылуда. Қала әкімі сондай-ақ Российский көшесіндегі асфальт төсеу жұмыстарының барысымен танысты. Жол картасына бөлініп отырған қаражаттың арқасында, ағымдағы жылдың соңына дейін қалада 62 аула абаттандырылып, 11 шақырымдай аяқжол мен қала көшелерінің кейбір учаскелері жөнделеді. Ақша қатаң өз мақсатында пайдалануы керектігін атап көрсеткен әкім, мердігерлердің назарын жұмыстардың сапасы мен нысандардың уақытында тапсырылуына аударды.