12:35, 23 Желтоқсан 2009 | GMT +5
«Жол картасы» бағдарламасы аясында ауыл мектебінде біршама жұмыстар жүргізілді,
ҚЫЗЫЛОРДА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - «Жол картасы» бағдарламасы аясында Шиелі ауданындағы Байсын ауылындағы №207 "Жаңатұрмыс" орта мектебінде біршама жұмыстар жүргізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Іргетасы 1937 жылы қаланған биыл республикалық бюджет есебінен 30,6 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді. Арагідік қосымша бөлмелер қосылып, жай жөндеумен ілдалап келе жатқан білім ордасы жаңадан соғылғандай әдемі кейіпке енді. Бу қазандығы орнатылды, қазір барлық бөлме жып-жылы. Терезелері ауыстырылды, шатыры қайта ашып, жабылды. Мектептің кіреберіс соқпағы асфальтталып, айналасына шарбақ орнатылды.