«Жол картасы» бағдарламасының арқасында Қарағандыда цирк ғимаратының алдына алаң салынды
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша абаттандырылған алаңға 140 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалған.
Қайта құрастыру жұмыстары үстіміздегі жылдың мамыр айында басталған болатын. Мердігерлік ұйым өкілдерінің айтуынша, орнатылған барлық құрылғылар Италиядан жеткізілген.
Құрылыс жұмыстарын Қарағандының «Ютекс» компаниясы атқарды. Нысанда 142 адам жұмыс істесе, соның ішінде 99 жұмысшы еңбекпен қамту орталығынан жіберілген, деп толықтырды қала әкімінің баспасөз қызметі.
«Жаңа субұрқақтарды қалпына келтіру мен құрылыс жұмыстарының бағдарламасы келесі жылы да жалғасын табатын болады. Субұрқақтар қала орталығында ғана емес, Майқұдық және Пришахтинский аудандарында да салынатын болады», - деді Қарағанды қаласының әкімі Бауыржан Әбішев цирк алаңының ашылу салтанатында.