19:30, 28 Желтоқсан 2009 | GMT +5
«Жол картасы» бағдарламасының жобалары Семейде толық орындалды
СЕМЕЙ. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - «Жол картасы» бағдарламасы бойынша биылғы көзделген барлық іс-шаралар толық көлемде орындалды. Бұл жөнінде Семейдің еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі хабарлады.

Желтоқсанның 28-індегі жағдай бойынша жоспардағы 8 274 жұмыс орнының орнына қалада 8 977 жұмыс орны құрылды. Олардың ішінде инвестициялық жоба бойынша 5 425 адам еңбекке орналасты, әлеуметтік жұмыс орындарына 2 159 жұмыссыз адам жіберілді. 2 745 адам кәсіби даярлықтан өтті.
«Жол картасы» бағдарламасы бойынша ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру бұқаралық ақпарат құралдарында және қала әкімінің сайтында насихатталды», - деді Семей еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Жанат Нықұшев.